Аймақтар
1 мин оқу 1,330

Шымкентте «Наурыз көктем – Шымқала!» мерекелік думаны өтті

<p style="text-align: justify;">Шымкенттіктер Ұлыстың Ұлы күнін ерекше көңіл-күймен қарсы алды. Қалада бір апта бұрын басталған Наурыз мерекесі 22 наурыз күні&nbsp;&laquo;Наурыз көктем &ndash; Шымқала!&raquo; мерекелік іс-шарамен жалғасты.&nbsp;</p>

Шымкентте «Наурыз көктем – Шымқала!» мерекелік думаны өтті

Тұрғындар жаппай серуенге шығып, Наурыз алаңындағы мерекелік іс-шараға Шымкент қаласының әкімі Ғ.Әбдірахымов, Шымкент қаласы мәслихатының депутаттары мен ел ағалары, тұрғындар қатысты.

Наурыз алаңында киіз үйлер тігіліп, алтыбақандар орнатылды. Мерекелік іс-шарада бәйге, қыз қуу сияқты қазақтың ұлттық спорттық ойындарымен сайыстар өтті.

Барша жұртшылықты Ұлыстың Ұлы күнімен құттықтаған қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов Наурыз - ежелден жаңа мен жақсының, мейірім мен шапағаттың, әдеп пен имандылықтың бастауы екенін айтты. Сахнада театрландырылған хореографиялық қойылым мен мерекелік концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

Ал кешке қарай гала-концерт ұйымдастырылып, Қазақстанның эстрада жұлдыздары Қыдырәлі Болманов пен Қарақат Әбілдина және Серік Ибрагимов әннен шашу шашты.

Бөлісу:
Шымкентте «Наурыз көктем – Шымқала!» мерекелік думаны өтті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар