Қазақстан
1 мин оқу 996
Б.Сағынтаев жаңа лауазымға тағайындалды
<p>Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Бақытжан Сағынтаев Президент Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.</p>

«Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы қызметінен босатылсын» делінген Ақордада жарияланған Жарлықта.
Сондай-ақ Мемлекет басшысының Жарлығымен Әсет Өрентайұлы Исекешев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы қызметінен босатылды
Бөлісу: