Қазақстан
1 мин оқу 885

Самбошы Бағлан Ибрагим – Әлем кубогының иегері

<p>Ресей астанасы Мәскеуде самбодан өткен Әлем кубогы сынында&nbsp;қарағандылық балуан Бағлан Ибрагим тамаша өнер көрсетіп, 52 кило салмақ дәрежесінде алтын медаль иегері атанды.</p>

Самбошы Бағлан Ибрагим – Әлем кубогының иегері

Қазақ самбошысы финалдық белдесуде ресейлік Алексей Клюкиннен басым түсті.

Еске салсақ, Бағлан Ибрагим – 2018 жылы Индонезияда өткен Азия ойындарының жеңімпазы. Ол қазіргі уақытта Жезқазған қаласында бапкер Саят Серіковтің қарамағында жаттығады. Чемпионның бірінші жаттықтырушысы – Қарағанды облыстық балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған кешенді спорт мектебінің директоры Бауыржан (Темірхан) Абылаев.

Қайрат ӘБІЛДА,

«Егемен Қазақстан»

Қарағанды облысы

Бөлісу: