Жаңалықтар
1 мин оқу 1,170

Нұр-Сұлтан – жаңа бренд

Нұр-Сұлтан – жаңа бренд

Елорданың жаңа Нұр-Сұл­тан атауы баршамызға құт­ты бол­сын! Наурыз мейрамы қар­са­ңын­да жаңа Президенті­міз жаңа ұсыныстарын халыққа жет­кіз­ді! Қадірлі Елбасы­мызға Қазақ­станды осын­дай мәртебеге көтергені үшін, барша Қазақстан халқы Ассамблеясы­н­ың мүше­лері алғыс білдіру мақсатын­да Президенттің ұсыныстарын бір ауыздан қолдады. Елімізді дамытып, бейбітшілікпен және келісім шаңырағы болып қал­­ған елордамызды әлемге танытып, хал­­қым деп отыз жыл тынымсыз жұмыс атқарғаны үшін өзге ұлттар аталған ұсыныстарды қуа­ныш­пен қабылдады. 

Елбасының қағидалары біз үшін өмірлік бағдарлама болып қалады. Біз еліміздің гүлденуіне әрі қарай үлес қосуға әрқашан дайынбыз. Ұлыстың ұлы күні бақ әкел­сін! Жаңа жылымыз – Наурыз мере­кеміз, халықтың басына бақ құсын қондырсын! Молшылық, бақыт, береке, бірлік, бейбіт өмір тілейміз! Наурыз құтты болсын!!!

Шерзод ПУЛАТОВ, 

Астана қаласы өзбек этномәдени орталығының төрағасы, ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің мүшесі

Бөлісу:
Нұр-Сұлтан – жаңа бренд · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар