Қазақстан
2 мин оқу 1,104

Тасада қалған «Бәйтерек»...

<p style="text-align: justify;">Соңғы жылдары ауылдан түлеп ұшқан азаматтардың туған жерге деген махаббатынан өзіндік &laquo;қолтаңбалар&raquo; қалдыру үрдіске айналды. Әрине мұн&shy;дай бастамаға ел-жұрт қуанады. Ақкөл ауылы тоғыз жолдың түйіскен жеріне ор&shy;наласқан. Бұдан төрт-бес жыл бұ&shy;рын сол ауыл орталығының айналма жо&shy;лына мектеп бітіріп кеткен түлектер еңселі етіп &laquo;Бәйтерек&raquo; тұрғызды. Ауыл азаматтары қатысуымен лентасы қиы&shy;&shy;лып, салтанатты жағдайда ашылуы өтті. Ауыл ағайындары арасында бас&shy;та&shy;машыл жастарға жүрекжарды жақсы тілектер айтылып жатты.</p>

Тасада қалған «Бәйтерек»...

Азаматтардың маңдай терімен тап­қан ақшаларына келісті етіп жасатқан «Бәйтерек» ауылға сән беріп тұратын. Қазақ елінің символына айналған бұл «Бәйтерек» маңайынан өткендер оған сүйіспеншілікпен қызыға қарайтын.

Былтыр осы «Бәйтерек» орнынан алы­нып тасталды. Сол орынға тағы да ауылдан шыққан кәсіпкерлер өз қа­­ра­­жатымен «Бақ құсы» монументін ор­­натты. Аудан әкімі Досмаханбет Әлиевтің өзі қатысып, сөз сөйлеп, лен­тасын қиды. Жаңашылдыққа құ­мар халықпыз ғой. Бұған да көзіміз үй­­ре­н­ді.

Ал бұрынғы «Бәйтерек» ауыл­дық­ мәдениет үйінің алдына тұр­­ғы­зылатынын естіген жұрт қатты қуан­ды. Көпшілік жиі келетін орынға қойы­латын болған соң ауыл азаматта­ры да разы болып едік. Алайда, орны­­нан алынған «Бәйтеректі» керексіз дү­ниедей көлікке артып, көзден тасалау жерге аудара салған. Темірлерінің бі­раз жерлері майысқан. Аздап жөн­деу­ден өткізсе бұрынғы қалпына кел­ті­руге болады.

Еліміздің символына айналған «Бәйтеректі» қалпына келтіріп, тұр­ғызу жөнінде ауыл округінің әкімі Асқар Қуанышқа айтылғанымен, ол бұл шаруаны қолға алмады. Міне, осылайша тасада қалған «Бәйтерек» қашанға дейін жатары белгісіз. 

Кезінде мектеп бітіріп кеткен тү­лектердің ауызбіршілігімен, маңдай те­рімен тапқан адал ақшаларына тұр­ғызған, ауылға сән берген, елдің мақ­та­нышына айналған «Бәйтеректің» құ­лағаны көпшіліктің көңіліне қаяу тү­сіргені жасырын емес. Сол іске ат­­са­­лысқан азаматтардың арасында бү­гінде Алланың жазуымен о дү­ние­лік болғандар да бар. Артында қал­ған ата-анасы, бауырлары сол бала­ла­ры­ның қолынан шыққан «бәйте­регін» із­деуде. Осы мәселеге келгенде әкім­ші­ліктің көз жұма қарауы кө­ңілге қаяу түсіреді. Бүгінде ел арасында «Мұны соққандардың өздері бұ­зып әкет­келі жатыр. Қайтсін? Темі­рін са­­тып, бақилық бол­ғандарға Құ­ран ба­ғыш­­татудан басқа амал­дары қал­мап­ты» деген сөз желдей есуде.

Осылайша қолда бардың қаді­ріне жете алмай отырған жайымыз­ бар.

Сәбен ҚОЙШЫБАЙ

Жамбыл облысы 

Талас ауданы,

Ақкөл ауылы

Бөлісу: