Қазақстан
1 мин оқу 702
Сенат Төрағасы Д.Назарбаева көңіл айту жеделхатын жолдады
<p style="text-align: justify;">Парламент Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаева Атырауда қызды құтқарамын деп қаза тапқан полиция қызметкерінің отбасына көңіл айтып жеделхат жолдады. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.</p>

«Балаларыңыз, патрульдік полиция қызметкері Шалқар Көшкінбайұлы Ақымғалиев басқа адамның өмірін құтқарамын деп өз өмірін қиды, нағыз ерлік көрсетті. Бұл Қазақстан үшін де орны толмас ауыр қайғы. Мұндай ерлік және азаматтық – басқаларға да, өсіп келе жатқан жастарға да ерекше үлгі. Нағыз Батырды тәрбиелегендеріңіз үшін Сіздерге бас иеміз», делінген Атырау облысы, Махамбет ауданы, Береке ауылында тұратын Ақымғалиевтер отбасына жолданған жеделхатта.
Бөлісу: