Әлем
2 мин оқу 1,140

«Назарбаев юу хэлэв?» немесе моңғол журналистері неге таңданды?

<p style="text-align: justify;">Менің бір байқағаным, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақтың байырғы бітім, мағынасымен сақталған көне сөз тіркестері мен атауларын сөз арасында үнемі қолданып жүреді.&nbsp;</p>

«Назарбаев юу хэлэв?» немесе моңғол журналистері неге таңданды?

Бұл Тұңғыш Президенттің жас кезінен дана қарттармен көп әңгімелескенінің белгісі бол­са керек. Әрі қазіргі заманда тіл байлығын қалыптасырып, сақ­тап қалу үшін көркем кітап­ты көп оқу керек. Демек, Елба­сының кітапты көп оқитыны, оның ішінде қазақ­тың көне тілі­нің қаймағы сақ­талған шығар­маларды үнемі оқи­тыны аңға­ры­лады. Бұл жерде адам­ның қаны мен тегіне қатысты да дү­ние бар. Қандағы қазақылық, тек­­тегі ұлттық код, тіршіліктегі ұлт­­жан­дылық қанша жерден қуат­ты болса да жаһандану мен өр­ке­ниет соққысын дарытқан емес. Тіпті жоғары элита арасын­да ақсүйектер мәдениетінің экс­пан­­сиясына жұтылып, тілін жо­ғал­­тып алған тұлғалардың бар еке­­нін көріп жүргеніміз жасырын емес. 

Елбасының осы қазақылығы, қазақжандылығы болуы керек, Президент болысымен әлемге тары­­дай тараған қазақтардың ба­сын қосып, Алматыда Дүние­жүзі қазақ­тарының алғашқы Құ­рыл­тайын өткізді. Бұл – сонау Ала­ш­орда тұсында өткен Мұсыл­ман­дар құрылтайынан кейін небір зобалаңды бастан кешіріп, еріксіз елінен қашуға мәжбүр болған қазақтардың қайта бір түгенделуі еді. Мұның саяси үлкен қырларын айтпасақ та, бұл Құрылтайдың өтуі – алашордалықтар арма­ны­ның орындалуы екенін айтуға тиістіміз. 

1998 жылы Моңғолияның екінші президенті Багабанди біздің елге ресми сапармен келді. Қабылдауда біз де болғанбыз. Көз­бен көріп, құлақпен естідік. Сон­да делегация құрамында Моң­­­­ғолияда тұратын, министр дәре­­­жесіне көтерілген қандас­тары­­мыз да жүрді. Нұрекең сөз ара­сында әлгі қазақ бауырларына қарата «Қане, бауырларым, жағдайларың қалай? Елге қашан ораласыңдар? Сендерді тезірек келсін деп, Астананы да сендерге жақындатып қойдым», деді. Елба­сының ресми қабылдауда осы­лай­ша, қазақтарды ерекше ба­уыр тартып, қазақша сөйлегеніне моң­ғол журналистер таң-тамаша болд­ы. «Назарбаев юу хэлэв?» («Назар­баев нені айтты?») деп біз­­ден сұрады. Біз түгел аударып бер­дік. Олар «Назарбаев ерік­сіз әлемді мойын­датар көре­ген басшы екен!..» десіп, таңда­нысты. 

Міне, біз білетін Елбасы осын­дай адам. 

Жүкел ХАМАЙҰЛЫ,

ақын, Түркітілдес халықтар поэзиясы фестивалінің лауреаты

ТАЛДЫҚОРҒАН 

Бөлісу:
«Назарбаев юу хэлэв?» немесе моңғол журналистері неге таңданды? · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар