Жаңалықтар
1 мин оқу 680

Роман Скляр: 2018 жылғы қорытынды бойынша өнеркәсіп 4,1%-ке өсті

<p style="text-align: justify;">Бүгінгі үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі 2018 жылғы қорытынды бойынша өнеркәсіптің 4,1%-ке өскенін айтты.</p>

Роман Скляр: 2018 жылғы қорытынды бойынша өнеркәсіп 4,1%-ке өсті

Оның айтуынша, бұл өңдеу өнеркәсібінің 4%-ке қарқынды өсуі есебінен іске асырылып отыр.

«Өсімнің негізгі драйверлері машина жасау (+14,1%),химиялық өнеркәсіп (+8,1%),мұнай өңдеу (+8,8%), жеңіл өнеркәсіп (+4,4%)және металлургия (+2,2%)салалары», деді министр.

Роман Скляр өңдеу өнеркәсібі бойынша еліміздің қай өңірлері көш басында тұрғанын айтты.

«Өңірлер арасында өңдеу өнеркәсібі өсімін қамтамасыз ету бойынша Маңғыстау (112%), Шығыс Қазақстан (111,5%), Батыс Қазақстан (111,4%), Ақтөбе облыстары (108,8%), және Астана қаласы (108,1%) көш басында келеді».

Сонымен қатар министр алдағы міндеттерге тоқталды.

«Биыл біз өңдеу өнеркәсібінің өсімін 104%-ке жеткізуіміз керек.Бұл үшінөндіріс көлемін арттыру және жетекшілік ететін салаларда жұмыс орындарын сақтау шаралары қабылданатын болады. Жалпы сомасы 1,1 трлн. теңге болатын120-ға жуық жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Онда 20 мың тұрақты жұмыс орны құрылады», деді ол.

Бөлісу:
Роман Скляр: 2018 жылғы қорытынды бойынша өнеркәсіп 4,1%-ке өсті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар