Жаңалықтар
1 мин оқу 314
Шайбалы хоккей: Жарыс кестесі белгілі болды
<p style="text-align:justify">6-12 сәуір аралығында Қытайдың бас шаһары – Бейжіңде әйелдер арасындағы әлем біріншілігінің І дивизионындағы В тобындағы командалардың сайысы өтеді. </p>

Бұл жарыста Қазақстанның хоккейшілері де өнер көрсетеді. Қарсыластарымыз – Қытай, Латвия, Польша, Голландия және Оңтүстік Корея құрамалары. Бүгін сол турнирдің кестесі белгілі болды. 6 сәуірде жерлестеріміз өздерінің тұсаукесер кездесуін Польшаға қарсы өткізеді. Келесі күні Голландиямен күш сынасамыз. 9 сәуірде Лавтиямен шеберлік байқасамыз. Ал 10 және 12 сәуірде өтетін соңғы екі бәсекеде Оңтүстік Корея және Қытай командалары бізге қарсылас болмақ.
Ғалым СҮЛЕЙМЕН,
«Egemen Qazaqstan»
Бөлісу: