Жаңалықтар
1 мин оқу 603

«Қаламқас» кен орнындағы өрт ошағы сөндірілді - Энергетика министрлігі

<p style="text-align: justify;">&laquo;Қаламқас&raquo; кен орнындағы өрттің ошағы сөндірілді. Бұл туралы&nbsp; Энергетика министрлігінің баспасөз хатшысы Нұрлыбек Жеңісбек хабарлады.</p>

«Қаламқас» кен орнындағы өрт ошағы сөндірілді - Энергетика министрлігі

«28 наурызда 01:05-те «Қаламқас» кен орнында №8237 ұңғыма жанындағы грифоннан шыққан өрт сөндірілді»,  деп хабарлады ол. Қазіргі таңда газ-су қоспасы атқылап тұрған жоқ және грифондар жабылды.

Еске сала кетейік, 13 наурызда Маңғыстау ауданындағы «МаңғыстауМұнайГаз» АҚ-ның «Қаламқас» мұнай-газ кен орнында «Си Бу» инженерлік бұрғылау компаниясы» ЖШС №8237 ұңғымасын бұрғылау барысында газ-су қоспасы атқылады. Ал 25 наурыз күні сағат 07:10-да Маңғыстау облыстық ТЖД кезекші-диспетчерлік қызметіне «Қаламқас» кен орнындағы ұңғымадан шыққан газ жанып, биікті 10 метрге дейін жалын атқылап тұрғандығы хабарланды.

Бөлісу: