Жаңалықтар
1 мин оқу 520

Aқша бопсалап келген азамат ұсталды

<p style="text-align: justify;">Қызылордада өзін мемлекеттік қызметкер ретінде таныстырып ақша бопсалап келген азамат ұсталды.<br /> </p>

Aқша бопсалап келген азамат ұсталды

«Дәндеген қарсақ құлағымен ін қазады» деген сөз бар. Ол бір мекеме басшысына қоқан-лоққы жасаған сәтінде қолға түскен.

«Одан 300 мың теңге көлемінде ақша талап еткен. Полицияға одан бөлек тағы екі шағым түскен. Полиция қызметкерлерінің жүргізген жедел іздестіру жұмыстарының нәтижесінде күдікті тұлға анықталды», - деді Қызылорда облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің басшысы Гүлжаһан Қайырбергенова.

Бүгінгі күні аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдіктіден жауап алу барысында ол өзінің кінәсін толығымен мойындаған. Қазіргі таңда күдіктінің басқа да қылмыстарға қатыстылығын анықталу үстінде.                       

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Egemen Qazaqstan»

Қызылорда облысы

Бөлісу:
Aқша бопсалап келген азамат ұсталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар