Жаңалықтар
1 мин оқу 381
Азаматтық авиация комитеті саланы реттейтін британдық модельді енгізу жұмыстарын жүргізуде

Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың "Ұлт жоспары – 100 нақты қадамның" 68-қадамын іске асыруға арналған тапсырмасын орындау мақсатында жүргізіліп жатқан жұмыстар аясында ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев UKCAA өкілдері - халықаралық даму бөлімінің басшысы Матиас Смитпен және халықаралық даму аға менеджері Лиам Бернмен кездесті. Жақын арада елімізге британдық сарапшылар келіп, техникалық қолдау көрсету бойынша келісімге қол қойылмақ.
Бөлісу: