Экономика
1 мин оқу 1,281

Алматыда көгалдандыру жұмыстары жалғасуда

<p style="text-align: justify;">Алматыда қаланы көгалдандыру жұмыстары қарқын ала бастады. Жасыл экономика басқармасындағылардың мәліметінше, шаһардағы Әл-Фараби даңғылының бөлу жолағының бойына Желтоқсан көшесінен Ходжанов көшесіне дейін жапырақты және қылқанжапырақты 700-ден астам ағаш отырғызу жоспарланған.</p>

Алматыда көгалдандыру жұмыстары жалғасуда

Жергілікті бақтарға терек, шырша, емен отырғызу ісі де қолға алынған. Мамандар 5,5 мың шаршы метр аумаққа гүлдер мен шыбықтар егілетінін айтады. Гүл өсінділерін дайындау 5-сәуірге дейін созылмақ.

Көгалдандыру науқаны барысында көлік және жаяу жүргіншілер қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Полиция департаментіне жол-патруль топтарының санын ұлғайту тапсырылған.

 «Қоршаусыз қала» қағидасы бойынша шаһардағы ескі қоршауларды алып тастау жұмыстары алдағы күндері аяқталады.

Арман ОКТЯБРЬ,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ

Бөлісу:
Алматыда көгалдандыру жұмыстары жалғасуда · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар