Спорт
1 мин оқу 940

Теннис: Айнитдинова ширек финалға шықты

<p>Қазақстандық теннисші Гозаль Айнитдинова Египеттің Шарм-эль-Шейхе қаласында өтіп жатқан халықараралық турнирдің ширек финалына шықты. </p>

Теннис: Айнитдинова ширек финалға шықты

Тұсаукесер кездесуде германиялық Катарина Герингті 6:4, 6:3 есебімен ұтқан жерлесіміз келесі кезеңде голландиялық Арианн Хартонодан басым түсті – 6:3, 7:6. Енді ол ширек финалда өнер көрсетеді. Сондай-ақ, Гозаль ресейлік Екатерина Казионовамен бірге жұптық сайыста словакиялық Катарина Кузмова мен Ленки Старойға 6:3, 6:2 есебімен сан соқтырып, жартылай финалға жолдама алды.

Мысыр елінде Гозаль Айнитдиновадан бөлек, Қазақстанның тағы бір теннисшісі бақ сынаған еді. Өкінішке қарай, Жібек Құламбаева екінші айналымнан аса алмады. Ол америкалық Надя Гилкристке есе жіберді – 4:6, 3:6.   

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

 «Egemen Qazaqstan»

Бөлісу:
Теннис: Айнитдинова ширек финалға шықты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар