Спорт
1 мин оқу 490

Адия Тілекенова Гран-при турнирінің финалында 9-шы орын иеленді

Францияның Тье қаласында көркем гимнастикадан Гран-при кезеңі аяқталды. Аталған сынға Қазақстан атынан Адиля Тілекенова қатысқан болатын деп жазады Olympic.kz.

Адия Тілекенова Гран-при турнирінің финалында 9-шы орын иеленді

Тілекенова көпсайыс қорытындысы бойынша 22-ші орында қалып, таспамен жаттығуда ақтық сынға өткен болатын. 

Өкінішке қарай, қазақстандық гимнаст финалда қарсыластарынан оза алған жоқ. Төрешілер Тілекенованың өнерін 15.55 ұпайға бағалап, Адиля тоғызыншы орынға табан тіреді. 

Таспамен жаттығуда ресейлік Дина Аверина жеңімпаз атанса, күміс және қола жүлдені Болгария мен Израиль спортшылары иеленді. 

Бөлісу:
Адия Тілекенова Гран-при турнирінің финалында 9-шы орын иеленді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар