Жаңалықтар
1 мин оқу 604
Регби-7: Қазақстан әйелдер командасы әлемдік серияның іріктеу сынына қатысады
4-5 сәуір күндері Гонконгта регби-7 спорты бойынша әйелдер арасындағы әлемдік серия турниріне іріктеу сыны өтеді деп хабарлайды Olympic.kz.

Аталған сынға Қазақстан әйелдер командасы да аттанып кетті.
Біздің құрама Аргентина, Бразилия және Польшамен бірге С тобына түскен.
Жарысқа жалпы есебі 12 команда қатысады. Топтық кезең қорытындысы бойынша 8 үздік команда плей-офф кезеңіне жолдама алмақшы.
Турнир жеңімпазы регби-7 бойынша өтетін әлемдік серияның келесі маусымына еш іріктеусіз қатысатынын еске саламыз.
Бөлісу: