«Эйр Астанада» 5-6 сәуір күндері Ыстамбұлға ұшақ ұшпайтынын мәлімдеді
Бұл шешім Стамбулдағы Ататүрік әуежайының жабылып, рейстердің жаңа әуежайға көшірілуімен байланысты қабылданған. Осы жағдайға орай сәуір айының 5-6 күндеріндегі рейстер тоқтап, 7 сәуірден бастап Стамбулдан ұшатын әрі келетін рейстер жаңа әуежайға қонатын болады.

Жаңа әуежай Стамбулдың еуропалық бөлігінен солтүстікке қарай 35 шақырымда орналасқан. Аталған компания баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, ұшу кестесіне өзгерістер енгізілген. 5 сәуірде КС869/870 Атырау-Стамбул-Атырау және КС 911/912 Алматы-Стамбул-Алматы; 6 сәуірде КС 911/912 Алматы-Стамбул-Алматы және КС 917/918 Астана-Стамбул-Астана» рейстеріне билет сату тоқтаған. Қазіргі кезде Стамбулға Алматыдан аптасына 7 рет, Астанадан – 5, Атыраудан 2 рет күнделікті рейстер бар.
Эльвира Серікқызы,
«Егемен Қазақстан»