Қысқы спорт
2 мин оқу 531
Үздік миномет батареясы анықталды
Қазақстан Қарулы Күштері Бас штабы бастығының нұсқауын жүзеге асыру және мамандардың кәсіби даярлығын тексеру мақсатында, Ракета әскерлері мен артиллерия әскерлерінің қолбасшысы, полковник Асқар Жоламановтың басшылығымен «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының әскери полигоны аумағында алғаш рет Құрлық әскерлерінің миномет батареяларының жарысы өтті.

– Семейге арнайы келіп сынға түскен «Шығыс», «Батыс» және «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылықтарынан 120-дан астам әскери қызметші, яғни 5 миномет батареялары жарыстың үш кезеңінде өздерінің теориялық білімдері мен тәжірибелік дағдыларын көрсету үшін іріктелді, – деді «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің жетекшісі, аға лейтенант Исламбек Қалдыбеков, – бірінші кезең – «Атыс» бойынша, батареялар жалпы командалық нәтижемен ең көп балл жинайтын батареяны анықтау үшін АК-74-тен 4 бақылау ату жаттығуларын орындады. Екінші кезең «Арнайы» деп аталды. Әскери қызметшілер арнайы дайындық бойынша өздерінің білімдерін көрсетті. Бөлімше құрамында және жеке өз мамандықтары бойынша сынақтар мен нормативтерді тапсырды. Үшінші кезең «Батареяның атуы» деп аталды. Жарыстың бұл кезеңінде жеке құрамның әрекетін соғыс жағдайына максималды жақындату үшін жеңіл брондалған көп мақсатты тартқышында (МТЛБ) от позициясын ауыстыра отырып нысаналарды әртүрлі қашықтықтан минометтен көздеп атудан сынға түсті.
Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынға «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының 27943 әскери бөлімінің миномет батареясы, екінші орынға «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының 74884 әскери бөлімінің миномет батареясы, үшінші орынға «Батыс» өңірлік қолбасшылығының 30238 әскери бөлімінің миномет батареясы лайықты болды.
Раушан НҰҒМАНБЕК,
«Еgemen Qazaqstan»
СЕМЕЙ
Бөлісу: