Мандельштам – Мағжанның досы
Мағжан мен Есениннің кездескенін жазған едік бір мақаламызда. Амантай Сатаевтың эссесі біраз жайтқа көзімізді жеткізді. Ал сіз Мағжан мен Мандельштамның кезікпек түгілі, дос болғанын білдіңіз бе? Мандельштам Мағжанды «Маг», Мағжан Осипті «Оса» – «Сары маса» деп атағанын оқымадыңыз ба? ХХ ғасырдың 20-жылдарындағы орыс поэзиясы күміс ғасырының қазақ өкілі Мағжан Жұмабайұлы болған. Бұған қалай қарайсыз?

Зейін Шашкин 1934 жылы Мәскеу редакциялық-баспа институтына оқуға түскен екен. Мәскеу көшесінде келе жатып бір адамға кезігіп қалса керек.
– Әй, қазақ! – деп біреу тыныштықты бұзыпты. «Эй» немесе «ей» емес, «әй» деп тұр әлгі адам.
Бұл – Зейін мен Мандельштамның кездесуі. Ол кезде Осип тірі. Бұл да – қиял емес.
Амантай Сатаев Мағжан мен Мандельштамның кездескені жөнінде екінші рет 70-жылдары Қайнекей Жармағамбетовтің аузынан естіпті. Қайнекей аға әңгімесін былай бастайды:
– Мағжан Валерий Брюсов, Сергей Есенин, Осип Мандельштам, Всеволод Рождественский, Михаил Светловтармен жақсы араласқан. Мамин Серебряк, Максим Горький, Всеволод Ивановтың шығармаларын аударған. Соның ішінде мен Михаил Светловпен жақсы араластым. Ол маған Мағжан жайлы естелік айтып берді: «Мағжан Жұмабаевпен жақсы таныс болдым. Оны Брюсов мақтаған. Осип айтатын: «Ол адам емес, кентавр», – деп. Мандельштам оны «Маг», мен «Жан» деп атайтынмын. Жан трактир немесе кафенің ақшасын өзі көтеретін. Әрбір кездесуде Осиптің өлеңін жатқа оқып беретін. Осип балаша қуанып қалатын.
Осип Мандельштамның Мағжанға арналған экспромты бар.
«– Ну что, Магжан Бекенович,
Жоқ, болмайды. Мағжан мен Осип екеуі ғана әңгімелессінші. Кезекті сендерге бердім:
«– Осип, мен сені енді Маса, Сары маса деп атайтын боламын. Қазақтың Ахмет Байтұрсынұлы деген ақынының «Сары маса» деген өлеңі бар. Ұйқыдағы қазақты ызыңдап оятады.
– Әңгіме жақсы басталды. Әрі қарай тыңдап көрейік.
Әзілдеді ме, әлде Алла аузына салды ма – Осиптің айтқаны тура келді. Екеуі де 1938 жылы ажал құшты.
сыншы