Аймақтар
1 мин оқу 605

Шымкентте жаңа студенттік жатақхананың ашылу рәсімі өтеді

Тұңғыш Президент - Елбасының Үшінші әлеуметтік бастамасын іске асыру шеңберінде 2019 жылғы 6 сәуірде Шымкент қаласында Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің студенттері үшін 350 орынға арналған жаңа студентік жатақхананың ашылу рәсімі өтеді. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Іс-шараға Парламент мәжілісінің депутаттары, Шымкент қаласының әкімдігі мен мәслихаты, Білім және ғылым министрлігінің «Қаржы орталығы» АҚ, «Nur Otan» партиясының Түркістан облыстық филиалы, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің өкілдері шақырылған.

Бөлісу:
Шымкентте жаңа студенттік жатақхананың ашылу рәсімі өтеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар