Аймақтар
1 мин оқу 630
Елордада қоғамдық көліктердің бағыты өзгереді
Бүгіннен бастап қоғамдық көліктердің бағыттары жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты өзгертіледі деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
«Жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 5 cәуірден бастап № 5А, 6, 16, 37, 72 бағдарлардың қозғалыс бағыты уақытша өзгереді. Қоғамдық көліктер төменде көрсетілген қозғалыс сызбасы бойынша қатынайтын болады», – делінген «Астана LRT» компаниясының хабарламасында.
Бөлісу: