Саясат
1 мин оқу 1,064

"Эйр Астана" әуекомпаниясы Үндістанға ұшуларды тоқтатады

<p style="text-align: justify;">"Эйр Астана" әуекомпаниясы Пәкістан мен Үндістан арасындағы әуе кеңістігінің жабылуына байланысты Делиге Нұр-Сұлтан мен Алматыдан ұшуларды 11 және 30 сәуір аралығында тоқтатуға мәжбүр.</p>

"Эйр Астана" әуекомпаниясы Үндістанға ұшуларды тоқтатады

ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті мен әуетасымалдаушы жағдайды мұқият бақылауда және әуе кеңістігі ашылғанда әуе компания тұрақты рейстерді орындауды жалғастырмақ. 2019 жылғы 11-30 сәуірде Қазақстанға оралатын жолаушыларға әуекомпания билеттерін интерлайн-серіктестер рейстеріне қайта брондайды немесе жолаушылар билеттерін айыппұлсыз сатып алған орында немесе әуекомпанияның брондау және ақпарат орталығының сall.centre@airastana.com адресі не +7 (727) 2444477,+7 (717) 2584477 телефондары арқылы қайтара алады.

Бөлісу:
"Эйр Астана" әуекомпаниясы Үндістанға ұшуларды тоқтатады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар