Спорт
1 мин оқу 1,040
Аделаида Пчелинцева жүзуден тағы да Қазақстан рекордын жаңартты
Аделаида Пчелинцева жүзуден аз ғана уақыт ішінде еліміздің екі рекордын жаңартты деп хабарлайды Olympic.kz.

Қазақстандық спортшы 50 метрге брасс әдісімен жүзуден тағы бір рекордын тіркеді. Алдымен Ақтөбеде өткен Қазақстанның ашық біріншілігінде көзге түскен Пчелинцева кейін Ресей чемпионатында өз шеберлігін дәлелдеді.
Жартылай финалда Аделаида 50 метрді 31.63 секундта жүзіп өтіп, Қазақстанның жаңа рекордын орнатты. Сондай-ақ, финалда бақ сынап, 8-ші орыннан көрінді.
Бөлісу: