Тереңнен тартқан тектілік
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың президент сайлауы туралы халқымызға жолдаған Үндеуі адамды сан ойға жетелейді. Әлемдік ахуалдың бұлыңғыр тұсында адамзаттың айдынына тәуекелдің желқайығымен шыққан қазақ елінің осы шешімді ертерек жасағаны дұрыс болды.

Әлем тынышсыз... Уақыттың жегі желі бірде оңынан, бірде солдан соғып тұрған заман. Ел басына қилы-қилы күн туған кезең аз болмаған. Өр Алтай мен Атыраудың арасын бабаларымыз ақ білектің күші, ақ найзаның ұшымен ғана емес, ақыл-парасатымен қорғағаны анық. Сұңқардың қанаты, тұлпардың тұяғы талатын ұлан-ғайыр Қазақия бізге де, бізден кейінгілерге де аманат.
Данагөй Есқожа бабамыз:
Ұрсысып өткен ел жаман!» – деген екен.
Сол секілді ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз Үндеуінде бұл шешімнің ел келешегі үшін маңызды қадам екенін айта отырып, Президент сайлауының әділ өтуіне кепіл болатынын білдірді. Маусымның тоғызыншы жұлдызы – қазақ елінің көшбасшысын таңдап, керуенін жаңа асуларға бұрар күні. Бұл шешімді тереңнен тартқан тектіліктің нышаны деп білейік, ағайын!
Ел аман, жұрт тыныш болсын!
Ғалым ЖАЙЛЫБАЙ,