Президент
1 мин оқу 1,260

Бұл – заңды процесс

Қазақстанда транзиттік процесс тұрақтылық пен келісім кезеңінде өтеді. Саясаттанушы Ерлан Саиров ҚазАқпарат агенттігіне осындай пікір білдірген.

Бұл – заңды процесс
«Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың үндеуін тыңдадық. Бұл шешім –  бүгінгі таңда маңызды әрі қажетті деп айтар едім. Мемлекет басшысы атап өткендей, біз өзгерісі қым-қуыт әрі жылдам әлемде өмір сүріп жатырмыз. Өзгерістер процесі өте тез болып жатыр. Сол себепті, Қазақстанда әрдайым өзіндік сая­си жігер мен әлеуметтік оптимизм болуы керек. Бұл ретте кез келген мемлекеттің, саяси жүйенің эволюциясы – заңды процесс. Біздің Қазақстанда транзиттік кезең тұрақтылық пен қоғамдық келісім кезеңінде өтер деп есептейміз», – дейді Ерлан Саиров.
Бөлісу:
Бұл – заңды процесс · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар