Спорт
1 мин оқу 740

Велоспорттан рейтингілік турнир: Сайфутдинова 8-орында

Бұл күндері Тайландта велоспорттан әйелдер арасындағы рейтингілік халықаралық турнир өтуде. Аталған сынға Қазақстан командасы да қатысып жатыр. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.

Велоспорттан рейтингілік турнир: Сайфутдинова 8-орында

Бірінші және екінші кезең қорытындысы бойынша Қазақстан сапынан ең жоғары нәтижені Наталья Сайфутдинова тіркеді. Ол сегізінші орыннан көрінген. 

Рената Сұлтанова 13-ші, Светлана Пащенко 33-ші, Анжела Соловьева 44-ші, Амилия Искакова 59-шы сатыда. 

Екінші кезеңдегі ең жоғарғы нәтиже де көңіл көншітпейді. Сайфутдинова мәреге 13-ші болып келген.

Бөлісу:
Велоспорттан рейтингілік турнир: Сайфутдинова 8-орында · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар