Аймақтар
1 мин оқу 772
Еліміздің екі өңірінде дауылды ескерту жарияланды
11 сәуір күні Түркістан мен Қызылорда облыстарында дауылды ескерту жарияланды деп хабарлайды Қазгидромет.
11 сәуірде Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай, күндіз солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, шквал, бұршақ күтіледі. Дабылды ескертудің ықтималдылығы 95-100 %.
11 сәуірде күндіз Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ, шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі.
Шымкент қаласында 11 сәуірде күндіз кей уақытта найзағай, бұршақ күтіледі.
Дабылды ескертудің ықтималдылығы 90-95 %
Бөлісу: