Қазақстан
1 мин оқу 1,220
Тарихи шешім - Бақытгүл Хаменова

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Президент сайлауын 2019 жылдың 9 маусымында өткізу туралы қабылдаған шешімі шынында да саяси, әлеуметтік, тарихи маңызы бар қажетті іс деп ойлаймын.
Осы орайда Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бізге балталаса да бөлінбейтін бірлік керек» деген керемет сөзі еске түседі. Бүгінгі қазақ жұртының негізгі үш мәселесі бар. Ол – біздің бірлігіміз, бейбітшілігіміз және тұрақтылығымыз. Бізге биліктік транзитті тоқтатып, одан әрі мемлекетіміздің жаңа даму қарқынына түсуіміз керек. Сондықтан бұл сайлау демократиялық қағидаттарға толықтай жауап бере отырып, шын мəнінде ел мүддесін қорғауға бағытталады деп ойлаймын.
Бақытгүл ХАМЕНОВА,
Мәжіліс депутаты
Бөлісу: