Спорт
1 мин оқу 973

Қарағандының атақты самбошылары әскерге аттанады

Қарағандының атақты самбошылары әскерге аттанады

Жезқазған қаласында тұратын самбошылар, Азия ойындары мен Әлем кубогының жеңімпазы Ибрагим Бағлан және Азияның екі дүркін чемпионы Әділет Саяжанов әскер қатарына аттануға шешім қабылдады.

Атақты самбошылар ҚР Қорғаныс министрлігіне қарасты  армияшылардың орталық спорт клубында қызмет етуге ниет білдірді.

– Жігіттер Отан алдындағы әскери борыштарын өтеуге шешім қабылдады. Мен олардың бұл қадамдарын құптаймын! Жақын арада олар ант беріп, Қазақстан әскері қатарында қызмет ететін болады. Қарулы күштер қатарында қызмет ету – олар үшін өмірдің үлкен мектебі болады деп есептеймін, – дейді балуандардың бапкері Саят Серіков.

Қарағанды облысы

Бөлісу:
Қарағандының атақты самбошылары әскерге аттанады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар