Әйелдер күресінен алғашқы жүлделер сарапқа салынды
Румыния астанасы – Бухаресте күрес түрлерінен Еуропа чемпионаты жалағасуда. Кеше боз кілемге шыққан әйелдер бес салмақ дәрежесі бойынша түрлі-түсті жүлделерді сарапқа салды.

Жарыстың алғашқы күні Украина құрамасының қарқыны күшті болды. Олар үш салмақ дәрежесінде топ жарса, Болгария мен Түркия балуандарына бір-бір бас жүлдеден бұйырды. Сондай-ақ, жүлде алғандар қатарында Беларусь, Румыния, Ресейғ Әзірбайжан, Чехия, Швеция, Латвия, Австрия, Венгрия және Германияның спортшылары бар. Ал түрлі салмақ дәрежелері бойынша есімдері төменде аталған балуандар жеңімпаз және жүлдегер атанды:
Бүгін әйелдер күресі өкілдері өз жарысын қорытындылайды. Сонымен қатар, алдағы екі күнде грек-рим күресі шеберлерінің бәсекелерін тамашалайтын боламыз.