Әйелдер күресінен Еуропа чемпиондары анықталды
Бұл күндері Румынияның астанасы – Бухаресте күрес түрлерінен Еуропа чемпионаты өтіп жатыр. Кеше боз кілемде белдескен әйелдер жарысты қорытындылады.

Жарыстың алғашқы күні керемет қарқын танытқан Украина құрамасы үш салмақ дәрежесінде топ жарып, Болгария мен Түркия балуандарына бір-бір бас жүлдеден бұйырған еді. Келесі күні украиналықтар жеңіп алған алтындарының санын төртке жеткізіп, жалпы командалық есепте жеке-дара көш бастады. Болгарияның да әнұраны Бухаресте екінші мәрте шырқалды. Сондай-ақ, сол күні Ресей, Венгрия және Әзербайжанның да спортшылары жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.
Еуропа чемпионатының жеңімпаздары және жүлдегерлері:
53 кило: 1. Стальвира Оршуш (Ресей) 2. Лилия Хоришна (Украина) 3. Ванесса Колодинская (Беларусь) 3. Джессика Блажка (Голландия)
55 кило: 1. Ирина Гусяк (Украина) 2. Эвелина Николова (Болгария) 3. Андреа Ана (Румыния) мен Бедиха Ган (Түркия)
59 кило: 1. Биляна Дудова (Болгария) 2. Светлана Липатова (Ресей) 3. Эльмира Гамбарова (Әзірбайжан) мен Элиф Есилирмак (Түркия)
62 кило: 1. Таибе Юсеин (Болгария) 2. Аврора Кампанья (Италия) 3. Марианна Шастин (Венгрия) 3. Татьяна Омельченко (Әзірбайжан)
68 кило: 1. Алла Черкасова (Украина) 2. Адела Хазликова (Чехия) 3. Дженни Франссон (Швеция) мен Анастасия Григорьева (Латвия)
76 кило: 1. Ясемин Адар (Түркия) 2. Мартина Кюнц (Австрия) 3. Жанетт Немеш (Венгрия) пен Элин Фокен (Германия)
Бүгін және ертең грек-рим күресі шеберлері арасындағы бәсекелер барысында Еуропа чемпионы атағы қай балуандарға бұйыратыны белгілі болады.