Елордада WorldSkills – 2019 аймақтық чемпионаты өтеді
2014 жылы Қазақстан мақсаты дүниежүзі бойынша кәсіби дайындық және біліктілік стандарттарының деңгейін көтеру, жұмысшы мамандықтарының мәртебесін арттыру және шеберлік дағдыларын дамыту болып табылатын дүниежүзілік WorldSkills International - халықаралық қозғалысына мүше болып кірді.

1953 жылы құрылған WorldSkills қызметіне бүгінгі таңда 77 ел қатысады.
22 - 26 сәуір аралығында елордада WorldSkills – 2019 аймақтық чемпионаты басталады.
WorldSkills чемпионаты колледж студенттері мен кәсіпорындардың 18-22 жас аралығындағы жас мамандары арасында түрлі құзыреттіліктер бойынша өтеді. «Медициналық және әлеуметтік күтім» құзыреттілігі бойынша жарыстар 23 - 25 сәуір аралығында Нұр-Султан қаласы әкімдігінің ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» МКК базасында өткізіледі. Осы құзыреттілік бойынша елордалық медициналық колледждерінің 5 студенті сайысқа түседі.
Байқау қорытындылары мен қалалық чемпионаттың жеңімпаздарының есімдері 26 сәуірде анықталады. Жеңімпаздар WorldSkills Kazakhstan -2019 ұлттық чемпионатына қатысуға мүмкіндік алады.