Жаңалықтар
1 мин оқу 780

САРАПШЫЛАР КЕҢЕСІНІҢ МӘЖІЛІСІ

11 наурызда Алматыда Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Марат Тәжиннің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі жанындағы Сарапшылар кеңесінің мәжілісі болып өтті. Күн тәртібіне сәйкес Қазақстандағы діни ахуал мен миграциялық және демографиялық саясатты жетілдіру мәселелері қаралды.

<!--more-->

Алғашқы мәселе бойынша философия ғылымдарының док­торы, профессор А.Коси­чен­ко мен саяси ғылымдар кандидаты Ш.Әмірбеков сөз сөй­леді. Сарапшылар жекеле­ген діни ұйымдардың кері іс-әрекеттерімен байланысты қа­тер­лер мен проблемалар бой көр­сетіп отырғанын атап көрсетті.

Екінші мәселе бойынша саяси ғылымдар докторы Е.Алия­ров пен әлеуметтану ғылымдарының кандидаты Г.Елеуова баяндама жасады. Пікірталас барысында ғалым­дар демография мен миграция салаларында оң өзгерістермен қатар, кері факторлар бар екеніне де назар аударды.

Мәжілісті қорытындылай келіп, Сарапшылар кеңесінің төрағасы М.Тәжин еліміздегі діни жағдайлардың дамуына жан-жақты және кешенді са­рап­тама жасап, ғылыми-сарап­шылар қауымын тарту жол­дары­мен миграциялық және демографиялық саясатты жетілдіру жөнінде ұсынымдар түзу қажеттігін атап көрсетті.

Қауіпсіздік Кеңесі жанын­дағы Сарапшылар кеңесі ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында ғылыми-әдісте­мелік ұсынымдарды жасау мақсатында ғылыми-сарапта­ма­лық зерттеу жұмыстарымен айналысатын ғылыми-консуль­тативтік орган болып табылады. Кеңеске жетекші ғалымдар, сарапшылар, ғылыми-зерттеу ор­талықтары мен үкіметтік емес ұйымдар өкілдері мүше.

Талқылау барысында Са­рап­шылар кеңесі күн тәрті­бін­дегі мәселелер бойынша ұсы­нымдар берді. Енді олар Қа­зақ­стан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің жұмысында пайдала­ны­латын болады.

Дерек көзі: “Егемен-ақпарат”.

Бөлісу: