Жаңалықтар
2 мин оқу 322

Алаш ардақтысына құрмет

Алаш ардақтысына құрмет

Сәрсенбі, 10 қазан 2012 7:05

Сырым өңірінде елдіктің ең­сесін биіктеткен үлкен шара өт­кізілді. Бұл тарих төрінен ойып орын алған Жаһанша Досмұ­ха­ме­довтің 125 жылдық мерейтойы еді. Оған Астана, Алматы, Мәс­кеуден және облыс орталығынан қонақтар келді.

Салтанатты шараға қатысу­шы­лар алаш зиялыларының ес­керткіштері орнатылған Алаш сая­бағын аралап, монументке гүл шоқтарын қойды. Одан соң қо­­­нақ­тар Алаш қайраткерлеріне а­р­налған көрмемен танысты. Ша­раның екінші бөлімі – театр­лан­дырылған қойылым, ат бәйгесі, палуандар күресі сияқты ұлттық спорт ойындары өтетін ақшаңқан киіз үйлі ауылда жалғасты.
Сырым аудандық халық теат­ры дайындаған Жаһанша туралы қойылым жұртшылық назарына ұсынылды.

Рафхат ХАЛЕЛОВ. 
Батыс Қазақстан облысы, 
Сырым ауданы.

Бөлісу:
Алаш ардақтысына құрмет · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар