Сайлау
1 мин оқу 1,634

Тұрғындар өз сайлау учаскесін Smart Astana қосымшасы арқылы таба алады

Мобильді қосымша 9 маусымда өтетін Қазақстан Президентін сайлау күні дауыс беру орнын анықтауға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Тұрғындар өз сайлау учаскесін Smart Astana қосымшасы арқылы таба алады

Қосымша сайлау учаскелерін қағаз тізімнен іздеу қажеттігінен арылуға көмектеседі. 

«Цифрлы ғасырда барлық іс-әрекеттер жеңілдетілген. Өзіңіздің қай сайлау учаскесіне қарайтыныңызды білу үшін біздің қосымшаға кіріп, өз аты-жөніңізді немесе ЖСН-ді немесе мекен-жайыңызды енгізу керек. Бұдан кейін қосымша сіздің қай жерде дауыс беретініңіз туралы мәліметтерді ұсынады, тіпті, сайлау учаскесінің орналасқан жерін картада көрсетеді», – деп жазды өзінің  Facebook-тегі парақшасында Astana Innovations компаниясының баспасөз хатшысы Әсел Әлімханова.

Бөлісу: