Аймақтар
1 мин оқу 1,020

Президент Шығыс Қазақстан облысына барды

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы хабарлады.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарын Семей қаласынан бастады.

Сапар аясында Мемлекет басшысының Семей және Өскемен қалаларындағы бірқатар әлеуметтік және өнеркәсіптік нысандарды аралап көруі жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік-мәдени бағдарламалардың жүзеге асырылу барысымен танысып, облыстың жұртшылық өкілдерімен, еңбек ұжымдарымен және жастармен жүздеседі.


Бөлісу:
Президент Шығыс Қазақстан облысына барды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар