Президент
1 мин оқу 1,190
Нұрсұлтан Назарбаев Джеки Чанмен кездесті
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қытай еліне сапары барысында актер Джеки Чанмен кездесті. Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter-дегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Елбасы танымал қытайлық актер Джеки Чанмен кезді», - деп жазды А.Үкібай. Сонымен қатар ол парақшасында жүздесу барысында түсірілген фотосуретпен бөлісті.
Айта кетейік, Нұрсұлтан Назарбаев «Бір белдеу, бір жол» ІІ Халықаралық ынтымақтастық форумына қатысу үшін Қытай Халық Республикасына барған.
Бөлісу: