Аймақтар
1 мин оқу 950

Алматылық студенттер - Универсиада биігінде

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Х жазғы Универсиадада ерлер арасында жағажай футболдан еліміздегі ЖОО-нан 16 команда сапында 165 спортшы жарыс көрігін қыздырды.

Алматылық студенттер - Универсиада биігінде

Аса тартысты бұл сында жалпы командалық есепте Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жеңімпаз болды. Екінші орынды Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің спортшылары иеленді. Үшінші орынды Х.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті қанағат тұтты.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Универсиада дипломдарымен, медальмен және кубокпен марапатталды.


Бөлісу: