Н.Дулатбеков: Бізге керегі – ең алдымен бірлік
Қазақстан халқы Ассамблеясының жетістіктерін сөзбен жеткізу мүмкін емес. Түрлі этнос өкілдері тұрып жатқан елде ауызбіршілік пен татулықтың болуы – осындай институттардың жемісі. Бір-бірімізбен бас қосып, үлкен стратегиялық мәнге ие жоспарлар құрып, келешекке мақсат қою ел үшін маңызды деп есептеймін.

Қазақстан Республикасы ең алдымен тыныштығымен, бейбіт өмірімен мақтанады. Елбасының салиқалы саясаты және салып берген даңғыл жолының арқасында бір-бірімізге деген махаббатпен, сүйіспеншілікпен, құрметпен бір үйдің балаларындай тату-тәтті өмір сүріп жатырмыз. Бұл өз жалғасын тауып, мәңгілікке ұлассын деймін.
Менің ойымша, қоғамның ынтымағын нығайтуға арналған шаралар жақсы нәтижесін көрсетіп жатыр. Алда да маңызды іс-шаралар күтіп тұр. Елімізде тыныштық болсын. Қоғамда, өмірде болып жатқан мәселелер міндетті түрде шешімін табады. Бізге керегі – ең алдымен бірлік. Бірлік бар жерде – тірлік бар.
Нұрлан ДУЛАТБЕКОВ, Парламент Мәжілісінің депутаты