Аймақтар
1 мин оқу 1,080

Су тапшылығына ұрынбау керек

Шиелі ауданында өткен «Дала күні» семинар-кеңесі облыс аграршыларының көктемі дала жұмыстарын бір екшеп алуға мүмкіндік берді. Дихандар 178 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдарын ексе, оның 83 мың гектарын Сыр күріші алып отыр. Алайда, су тапшылығының алдын алу үшін облыс басшысы артық күріш екпеуді тапсырды.

Су тапшылығына ұрынбау керек

- Шардарада су қоймасында 5,2 млрд, Көксарай су реттегішінде 2 млрд текше метр су бар. Осы су біздің егіске толық жетеді деген ойдамыз. Шаруашылықтар өз тарапынан су сорғы алу мәселесі, гидробекеттерді жөндеп, каналдарды тазалау жұмыстарын жүргізуде. Биылғы жылы су тапшылығына осындай дайындықпен келіп тұрмыз,-дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Бақыт Жаханов.

Облыс басшысының бұлай қауіптенуіне себеп, өткен жылы да су қоры жеткілікті көрінгенімен біраз танаптарға су жетпей егістік күйіп кете жаздаған. Су деңгейінен жоғарыға күріш еккен ағайын қатты қиналған. Сондықтан, еңбектің өтеуі болуы үшін кеңеске құлақ қойған дұрыс болады.



Қызылорда облысы
Бөлісу:
Су тапшылығына ұрынбау керек · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар