Қазақстан
1 мин оқу 1,360
UNESCO: 2020 жыл Тоныкөк ескерткішінің 1300 жылдығына арналады
2020 жыл Тоныкөк ескерткішінің 1300 жылдығына арналатын болды. Бұл туралы Халықаралық түркі академиясының президенті, «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі өзінің Фейсбуктегі парақшасында жазды.

«UNESCO-дан сүйінші хабар: Келесі 2020 жыл түгел түркінің абызы Тоныкөк бабамыздың жазба ескерткішінің 1300 жылдығына арналады. Құтты болсын!», деп жазды Дархан Қыдырәлі өзінің Фейсбуктегі парақшасында.
Айта кетейік, Тоныкөк - Екінші Шығыс Түркі Қағандығының негізін қалаушылардың бірі. Өз заманында Түркі қағанатының үш бірдей қағанына уәзір болып, түркі елінің халқын көбейтіп, жерін кеңейтуге үлкен үлес қосқан кемеңгер.
Бөлісу: