Спорт
1 мин оқу 973
Чехияда нысана көздеуден халықаралық турнир өтеді
1-5 мамыр күндері Чехияның Пльзень қаласында нысана көздеуден халықаралық турнир өтеді деп хабарлайды Olympic.kz.

Мергендер сайысынан қазақстандық спортшылар да тыс қалмайды.
Тапаншамен атудан Қазақстан атынан төмендегі спортшылар бақ сынайды: Егор Климов, Кирилл Тявин, Ярослав Махнев, Никита Чирюкин, Дмитрий Субоч, Светлана Вотчал, Елизавета Алмаева.
Винтовкамен нысана көздеуден Константин Малиновский, Ислам Усейнов және Жанель Серікбаеваға сенім артамыз.
Бөлісу: