Спорт
1 мин оқу 1,073

Әзірбайжандағы халықаралық турнирде отандық боксшылар бес медаль еншіледі

Әзірбайжанда бокстан жасөспірімдер арасындағы халықаралық турнир аяқталды. «Президент Гейдар Әлиев кубогі» жолындағы бәсекеге Қазақстан атынан он боксшы қатысқан деп жазады Olympic.kz.

Әзірбайжандағы халықаралық турнирде отандық боксшылар бес медаль еншіледі

63 келіде жұдырықтасқан Тоқтасын Бабаханов турнир жеңімпазы атанса, Ислам Мақашев (54 келі), Елнұр Сүйінбай (57 келі) және Нұрдос Қуаныштың (75 келі) еншісінде күміс медаль бар. 

80 келідегі Жанболат Ғалымов тұғырдың үшінші сатысынан көрінді. 

Бөлісу: