Мегаполистегі қызғалдақ мерекесі
Шымкентте үшінші мегаполистің туристік логотипіне айналған қызғалдақтарды насихаттайтын «Қызғалдақ жолы» халықаралық фестивалі өтті.

Айтулы мәдени шараға қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов қатысып, мегаполис тұрғындары мен қонақтарын құттықтады. «Қызғалдақ фестивалі қаламызда халықаралық деңгейде тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр. Қызғалдақтың мекені – еліміздің Оңтүстігі екенін мақтаныш етеміз. Сондықтан осынау әсем гүлді брендімізге айналдырып, әлем қызғалдақ арқылы Шымқаланы танып-білсе деген мақсатпен фестивальді ұйымдастырдық», деді шаһар басшысы.
Фестиваль аясында Арбатта тұрғызылған Шеберлер қаласында өрендер еңбегімен ел алқауын алған өрт сөндіруші, полиция, дәрігерлер секілді мамандық иелерімен жүздесіп, аталған кәсіптерінің қыр-сырына қанықты.
Шымкентті гүлге ораған фестиваль кешке дейін жалғасып, флористер шеберлік сабақ өткізді. Мерекелік думанның соңы эстрада жұлдыздарының концерттік бағдарламасына ұласты.
Шымкент