Аймақтар
1 мин оқу 910

Атырауда «Мәңгілік данқ» шеруіне 200 адам қатысты

Атырау көшелерінде «Мәңгілік данқ» акциясы өтті деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атырауда «Мәңгілік данқ» шеруіне 200 адам қатысты

Бүгін  8 мамыр күні -  Атыраудың 200-ге жуық тұрғыны әскери оркестрмен бірге  екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлерінің суреттерімен Жеңіс саябағындағы мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды.

Іс-шара барысында бастарын өлімге тіккен ардагерлеріміздің ерлігіне тағзым еткен Атырау қаласы әкімі орынбасары Ұлықбек Тналиев тұрғындарды мерекемен арнайы құттықтады.

- «Мәңгілік даңқ» -  Жеңіс Күніне орай  ел тыныштығы үшін, бейбіт өмір үшін сұрапыл соғыста  жанын аямай жау соққысына төтеп беріп, жерімізді қорғап қалған ата-бабаларымызды, батыр ардагерлерімізді еске алуға арналған,-   деді қала әкімінің орынбасары Ұлықбек Тналиев.

Шара соғыста қаза тапқан сарбаздар мен бүгінде арамызда жоқ майдангерлерді бір минут үнсіздікпен еске алумен басталды.

Атырау

Бөлісу:
Атырауда «Мәңгілік данқ» шеруіне 200 адам қатысты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар