Қайсар қартқа құрмет
Мына бір фотоны көрген жан еріксіз ойланары хақ. Көрік кеудесі орденге толы, еңсесі елден биік, жүзінде арайлы шуақ, бойында қажырлы қуат... бірақ адымдап басатын, асудан іркілмей асатын екі аяғы белуардан жоқ соғыс ардагері жылжымалы тақтайша үстінде қос қолымен жер сызып, қайқая шапқан қарагердей ілгері тартып келеді. Қарияның қайратына тамсанған төрт теңізші-сарбаз қолдарын самайларына көтеріп, тік тұрып құрмет көрсетуде.

Ал мына өздеріңіз көріп отырған фотобейне 1989 жылы 9 мамыр күні Ленинградтың кеме тоқтайтын теңіз айлағында түсіріліпті. Суретті түсірген Ленинград мемлекеттік университетінің түлегі, фотожурналист, сол тұста «Ленинградская правда» газетінің қызметкері Иван Куртов. Ардагерге құрмет көрсетіп тұрған төрт жігіт Адмирал Нахимов атындағы пароходтың жауынгерлері.