Аймақтар
1 мин оқу 1,423

Сарығашта «ақылды жаяу жүргінші жолы» бар

Сарыағашта елімізде ең алғаш болып «ақылды жаяу жүргінші жолы» пайдалануға берілгені жайлы otyrar.kz сайты хабарлады.

Сарығашта «ақылды жаяу жүргінші жолы» бар

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бекіткен «Цифрлық Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасы аясында Сарыағаш қаласын ақылды қалаға айналдыру мақсатында smart city — Saryagash жобасы әзірленген болатын.

Осы жоба аясында бүгінгі таңда елімізде алғаш рет Сарыағаш қаласында ақылды жаяу жүргінші жолы салынып, пайдалануға берілді. Бұл жаяу жүргінші жолының ерекшелігі- жүргіншілерді жол бойынан түнгі мезгілде қауіпсіз өткізу. Атап айтқанда, жол жиегіне келген жаяу жүргіншіні қауіпсіз жол бойынан өткізу үшін, арнайы сезгіш датчиктер іске қосылып, жол жамылғысы жарықтанады.

Бөлісу:
Сарығашта «ақылды жаяу жүргінші жолы» бар · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар