Спорт
1 мин оқу 781

Баскетболдан ел Спартакиадасында Нұр-Сұлтан командасы топ жарды

Щучинск қаласында баскетболдан әйелдер арасында Қазақстанның V Спартакиадасы аяқталып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер есімі белгілі болды деп жазады Olympic.kz.

Баскетболдан ел Спартакиадасында Нұр-Сұлтан командасы топ жарды

Финалда Маңғыстау облысының командасы 90:43 есебімен ұтқан Нұр-Сұлтан командасы жарыс жеңімпазы атанды. 

Үшінші орын өткен тартысты кездесуде Ақмола облысы жеңіске жетті. Ақмолалық команда Павлодар облысының өкілдерін 89:83 есебімен ұтқан. 

Турнир Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті, ҚР спорт және мәдениет министрлігі, сондай-ақ, ҚР Баскетбол федерациясының ұйымдастыруымен өткізілді. 

Бөлісу:
Баскетболдан ел Спартакиадасында Нұр-Сұлтан командасы топ жарды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар