Спорт
1 мин оқу 1,144

Қайрат Сарымсақов таеквондодан әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Манчестерде өтіп жатқан таеквондодан әлем чемпионатында қазақстандық Қайрат Сарымсақов қола медаль иеленді деп хабарлайды Olympic.kz.

Қайрат Сарымсақов таеквондодан әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Сарымсақов жартылай финалда Иордания өкілі, 2016 жылғы Рио Олимпиадасының чемпионы Ахмад Абугауштан ұтылды. Есеп - 3:7. 

Жартылай финалға дейін Қайрат Косово, Жапония, Португалия және Австралия спортшыларынан басым түсті. Бұл Манчестердегі әлем чемпионатында ел қоржынына түскен алғашқы жүлде.

Айта кетелік, Қайрат Сарымсақов 2017 жылы Оңтүстік Кореяда өткен әлем біріншілігінде қола медаль еншілеген болатын. 

Бөлісу: