Президент
1 мин оқу 1,375

Мемлекет басшысы бірқатар кадрлық өзгерістер жасады

Бұл тралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысы бірқатар кадрлық өзгерістер жасады
Мемлекет басшысының Жарлықтарымен:

Ерлан Сапарұлы Байжанов Қазақстан Республикасының Вьетнам Социалистік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне;

Нажмедин Мұхаметәлі Қазақстан Республикасының Оман Сұлтандығындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне;

Данияр Қабидоллаұлы Сарекенов Қазақстан Республикасының Индонезия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне;

Жанна Сәбитқызы Сартбаева Қазақстан Республикасының Финляндия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды.

*****

Бекетжан Махатжанұлы Жұмаханов Қазақстан Республикасының Вьетнам Социалистік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Камбоджа Корольдігіндегі, Лаос Халық Демократиялық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан;

Ержан Серікұлы Мұқаш Қазақстан Республикасының Оман Сұлтандығындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды.

Бөлісу:
Мемлекет басшысы бірқатар кадрлық өзгерістер жасады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар